Атырау, 22 желтоқсан 17:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Авангардтағы түнгі клуб шектеуді ескермеді

2 978 рет қаралды

Түнгі сағат бірде полиция қызметкерлері Авангардтағы 2 ықшамауданда орналасқан түнгі клубқа сап ете түсті. Ол жерде 100 шақты адам көңіл көтеріп жүрген еді. Ал облыстың бас санитар дәрігерінің соңғы қаулысы бойынша түнгі клубтардың жұмысына толықтай тыйым салынған.

Бұл ықшамауданда полиция қызметкерлері түн ортасы ауғаннан кейін жұмыс істеген кафені де анықтады (тек 00.00-ге дейін жұмыс жасауға болады).

- Көңіл көтеретін орындардың иелеріне қатысты жинақталған материал әкімшілік шара алу үшін Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді, - деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

8 қазан 2020, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.