Атырау, 25 қараша 23:00
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Джордж Флойдты қылғындырған экс-полицей түрмеден шықты

2 410 просмотра

Афроамерикалық Джордж Флойдты өлтірді деп айыпталған бұрынғы америкалық полицей Дерек Шовин миллион доллар кепілмен босатылды, - деп хабарлайды Reuters.

Миннесота сотының хаттамасында 7 қазанда қолма-қол ақшасыз миллион доллар кепіл төленгені айтылған. Оның адвокаты кепілгер екені белгілі. Енді Дерек Шовин сотқа 2021 жылдың 8 наурызында келуі керек, бұған дейін ол бостандықта болады.

Еске салайық, Миннеаполис қаласында 46 жастағы афроамерикалық жігіттің өлімі жергілікті тұрғындардың ашуын тудырған болатын. Оны полицей ұстау кезінде сегіз минут бойы тізесімен мойнынан басқан. Флойд қарсылық білдірмеген, қолында кісен болған. Осыдан кейін ол қайтыс болды, ал АҚШ-та жаппай тәртіпсіздік басталып кетті.

Дереккөз: Tengrinews

8 қазан 2020, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.