Атырау, 6 желтоқсан 21:18
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ресейде әскери қоймадағы оқ-дәрілер әлі жарылып жатыр

2 825 рет қаралды

Рязань маңындағы әскери қоймалардағы оқ-дәрілердің жарылу қарқыны бәсеңдеді, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

РФ Қорғаныс министрлігіндегілер қазір снарядтар 15-25 минут сайын жарылып жатқанын мәлімдеді. Бұл өрт ортасында болған оқ-дәрінің негізгі бөлігі жойылғанын білдіреді.

"Ресей Қорғаныс министрлігінің мамандары 2020 жылғы 8 қазанда таңда өрт танкілері мен басқа да брондалған техника арқылы Батыс әскери округіндегі оқ-дәрі қоймасының территориясындағы өрт эпицентрін барлайды", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 650-ден аса әскери қызметкер, 194 әскери және арнайы техника, су шашатын ВАП-2 авиациялық құрылғысы бар төрт Ил-76 ұшағы және су шашатын құрылғысы бар үш Ми-8 тікұшағы жұмылды.

Еске салайық, 7 қазанда Рязань облысы Желтухино елді мекенінің аумағында орналасқан Батыс әскери округінің оқ-дәрі қоймасында шөп өртеніп, от артиллериялық оқ-дәрі сақталған алаңға шарпыған. "Каспий" федералды трассасы жабылған болатын.

8 қазан 2020, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.