Атырау, 18 сәуір 22:02
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Атырауда шетелден әуе рейсімен келгендерді COVID-19 бойынша тексеруде

2 600 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

6 қазанда Атырауға Стамбул мен Амстердамнан екі ұшақ қонды. Бірінші ұшақтағы 115 жолаушының 18-інде, екінші ұшақтағы 48 жолаушының 3-еуінде ПТР сынағының нәтижесі туралы анықтама болмады. Оларды сервис колледжінің жатақханасына оқшаулап, дереу анализ алынды.

7 қазанда теріс нәтиже шығып, олар үйіне жіберілді. Бұл туралы Атырау облысы бас санитар дәрігерінің орынбасары Гүлназ ЕРБАТЫРОВА хабарлады.

7 қазанда сағат 19.30-да Амстердамнан 63 жолаушысы бар тағы бір рейс Атырау қаласына қонды. Мұнда да сол процедура жасалады.

Естеріңізге салсақ, ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес, Қазақстанда 5 қазаннан бастап жаңа шектеулер енгізілді. Екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін термометрия, сауалнама толтыру, коронавирусқа тексерілгені туралы үш күннен аспаған анықтаманың болуы секілді міндетті талаптар белгіленген. Анықтама болмаған жағдайда, келгендер ПТР сынама жасату үшін стационарда екі күнге оқшауланады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

8 қазан 2020, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.