Атырау, 25 қараша 22:31
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстан президенті мәлімдеме жасады

2 830 просмотра

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкектегі дүмпуден кейін үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АКИpress" басылымына сілтеме жасап.

"Өткен түнде саяси күш өкілдері мемлекеттік билікті заңсыз басып алуға тырысты. Олар сайлаудың қорытындысы сылтау етіп, қоғамдық тәртіпті бұзды. Тұрғындардың бейбіт өміріне зиян келтірді. Олар құқық қорғау органдарына бағынбады, дәрігерлерді ұрды және ғимараттарды бұзды. Мен қарулы күш органдарына оқ атпай, қан төкпей, бірде-бір азаматтың өміріне қауіп төндірмеуді бұйырдым. Біз жағдайдың ушығып кетпеуі үшін қолдан келген шараның бәрін ұйымдастырдық", - деді Жээнбеков.

"Мемлекеттегі тыныштық, қоғамның тұрақты болуы кез келген депутаттық шеннен құнды. Мен Орталық сайлау комиссиясына барлық заңбұзушылықты мұқият тергеуді және қажет болса сайлау қорытындыларын жоққа шығаруды ұсындым", - деді президент.

Ол саяси партиялардың басшыларын өз жақтастарын сабырға шақырып, адамдар шоғырланған жерден алып кетуді ұсынды.

"Барлық отандысымды тыныштық сақтауға және арандатушы күштерге еріп кетпеуге шақырамын. Еліміздің бейбітшілігі және қоғамның қауіпсіздігі - ең маңызды құндылықтар. Мен барлық күшті ел тағдырын саяси амбициядан жоғары қойып, құқықтық алаңға оралуға шақырамын", - деді  Жээнбеков.
6 қазан 2020, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.