Қырғызстан парламенті - Жогорку Кенеш сайлау қорытындылары жойылды. Бұл туралы 24.kg басылымына бас прокурордың міндетін атқарушы Алмамбет Шықмаматов хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол бұл оппозицияның басты талабы екенін және оның орындалғанын атап өтті. "Бірақ әзірге біз жаңа дауыс беру күнін белгілемейміз. Оған уақыт жоқ", - деді Алмамбет Шықмаматов.
Бұған дейін Райымбек Матраимовты, Ескендір Матраимовты, Тілек Матраимовты тұтқындауға санкция берілгені хабарланған болатын. Сонымен қатар, сайлау науқаны барысында ауқымды бұрмалаушылықтарға қатысы бар барлық адам қамауға алынатыны айтылған.
Еске салайық, 5 қазаннан бастан Қырғызстан астанасы Бішкекте митинг басталды. Олардың басты талабы Жогорку Кенеш сайлау қорытындыларын жою болған. Шеруге шыққандар Ақ үйге басып кірген.