Атырау, 20 сәуір 03:10
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Акция және тарифтердің еселенуі турасында

2 913 просмотра

Қазір «Атырау жарық» АҚ-ның  әрқайсысы 55 мың теңгеден бір мың акцияға орналастырылған жарғылық капиталы 55 млн теңгені құрап отыр. Бұл портфельдің меншік иесі акцияларын KASE Қазақстандық қор биржасына ешқашан шығармаған «Энергопроект Атырау» ЖШС, - деп мәлімдеді жария түрде өткен  онлайн тыңдауда «Атырау Жарық» АҚ  тете-президенті Максим КЕНЖЕҒАЛИЕВ «АЖ» сауалына жауап бере отырып.

2001 жылы АҚ құрылғалы бері «Атырау Жарық» акционерлерге акциялары бойынша дивиденд бермеген. Сонымен қатар, Кенжеғалиев айтқандай, АҚ активтерінің құны 14 млрд теңгені құрап отыр. Мекеме инвестициялық бағдарламаны амортизациялық шығындар мен түскен пайда есебінен жүзеге асыруға құқылы, тек акция есебінен емес – «Табиғи монополиялар туралы» Заңда бұл туралы ештеңе айтылмаған, - деді Кенжеғалиев.  

«Атырау ЖЭО» АҚ тарапынан жылумен қамту тарифін өсіру жобасы туралы «АЖЭО» АҚ президенті Мақсот АЛЕНОВ баяндады.

-Қазір ЖЭО электр энергиясы бойынша белгіленген қуаты 474 МВт құрайды, ал жылу қуаты - сағатына 798 гигакалория. Қуаты 60 МВт болатын №6 станциялық турбинаны қайта жаңартып, жаңғыртуды жүзеге асыру және қуаты 25 МВт болатын №11 турбоагрегат пен бу жүктемесі 220 тонна болатын №15 қазандық агрегатын іске қосу, сондай-ақ шеберханаларды жөндеп, арнайы транспорт сатып алу жоспарланып отыр.  2025 жылдың соңына қарай ЖЭО-ның белгіленген қуаты 564 МВт-қа дейін өседі, ал жылуды тұтынушылар саны 25%-ға артады деген болжам бар, - деді Аленов.

Естеріңізге сала кетейік, «Атырау Жарық» Табиғи монополияларды реттеу департаментіне 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясын жеткізу бағасын кВт/сағ үшін 4,87 теңгеден 9,75 теңгеге дейін, яғни 100,2% – ға, ал АТЭО – жылу өндіру бағасын гигакалориясына 7040,38 теңгеден 13718,73 теңгеге дейін, яғни 94,8%-ға арттыруға өтінім берген болатын.

Монополияға қарсы орган бұл өтінімдер бойынша 2 қарашада шешім қабылдайды. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қазан 2020, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.