АСТАНА, 25 жел - Қазақстан жаңалықтары АА. Мемлекеттік айыптаушы сыбайлас жемқорлыққа айыпты кедендік бақылау комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағанбетовты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі сот залынан.
"Менің атымнан мемлекеттік айыптау Серік Баймағанбетовты ҚР ҚК 307 бабының 2 тармағы бойынша кінәлі деп танып және осы бап бойынша үш жылға бас бостандығынан айыру, ҚР ҚК 311 бабы 5 тармағы бойынша кінәлі деп танып және мүлкін тәркілеумен 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрайды", - деді мемлекеттік прокурор Дариға Мусина сейсенбіде сот жарыссөздерінде сөйлеген сөзінде.
Дереккөз: newskaz.kz