Атырау, 30 қараша 09:50
 ашық В Атырау -1
$ 423.87
€ 505.25
₽ 5.59

Атырауда қай көшенің жолдары жөнделіп, салынып жатыр

798 рет қаралды
Көрнекі сурет

Қаланың автокөлік жолдарын жөндеуге қалалық бюджеттен 13 млрд 650 млн теңге қаражат бөлінді. Қазір жалпы ұзындығы 12,7 шақырымды құрайтын Ғабдиев, Амандосов, Бейбарыс, Маденов көшелерін, Атырау-Индер трассасының 10-шы шақырымына дейінгі жолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Амандосов көшесінің жөндеу жұмысын «Казахдорстрой» ЖШС атқарып жатыр, ал басқаларының бас мердігері - «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС.    

Ғабдиев, Амандосов, Бейбарыс, Маденов көшелерін және былтыр басталған Құрманғазы, Уалиханов, Ғұмаров көшелерінің жолдарын осы жылдың аяғына дейін қолданысқа беру көзделген.  

Қалалық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінде «АЖ» сауалына, Атырау 1, Ақсай 2, Жаңаталап 1, Еркінқала 2, Тасқала 3 ауылдарына қарасты жалпы ұзындығы 19,7 шақырымды құрайтын 30 көшеге асфальт төсеу  жұмыстары жүріп жатыр деп жауап берді. Оған қалалық бюджеттен 2 млрд 674 млн тенге бөлінген. Биыл жылдың аяғына дейін Жаңаталап және Тасқала ауылдарындағы жол төсеу жұмыстары аяқталады деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, «Жұмыспен  қамту  жол  картасы» бағдарламасы аясында республикалық  бюджеттен 1 млрд 670 млн теңге бөлініп, жаңадан  қалаға қосылған Береке  ауылына 42 көшеге  жалпы  ұзындығы 19,3 шақырым жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс мерзімі – 2 жыл. Бірақ, қаржының бөлінуіне орай келесі жылдың аяғына дейін де аяқталып қалуы мүмкін дейді мамандар. Бас мердігер - «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС.

Айнұр САПАРОВА

5 қазан, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.