Атырау, 23 сәуір 18:06
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Атырауда жаңартылған оң жағалау ашылды

Сурет Бейнежазба
6 546 просмотра


Қала күніне орай Жайық жағасында жастардың демалыс саябағы мен  қайта жаңғырудан өткен оң жақ жағалау ашылды. 

Жағалаудың жалпы ұзындығы Әлиев көпірінен АМУ ғимаратына дейін 2 шақырымды құрайды. Жағалауды абаттандыру жұмыстарын «КА Строй ЛТД» ЖШС мекемесі жүргізген. 

Қайта жаңғырту жүргізілген аумақ Әлиев көпірінен Хамит Ерғалиев жағалауына дейін 1,6 шақырым. Бұл жолда жаяу жүргіншілер жолы, велосипедшілер жолағы және тынығуға арналған орындықтар мен көлеңкелер бар. Ал, "Ақ үйге" қарсы өзен үстінде қалқымалы әуенді субұрқақ орнатылған. 

-Субұрқақ қосылған кезде онымен бірге Құрманғазының күйлері шарықтайды. Бір ерекшелігі қараңғы түсісімен субұрқақтың бетіне жарық беріліп, Қазақстанның көрікті жерлері көрсетіліп тұрады, тура Дубайдағыдай, - деді мердігер мекеменің бөлім басшысы Жанболат ОТАРОВ

Хамит Ерғалиев ескерткішінен бастап жастардың демалыс саябағы жалғасып кетеді. Саябақ NCOC компаниясының әлеуметтік жобалары аясында бой көтерген. Саябақтың салтанатты ашылуында компанияның басқарушы директоры Ричард ХОУВ Атыраудың 380 жылдығына арнаған сыйлығы екенін атап өтті. 


Саябақтың аумағы Атырау мемлекеттік университетіне дейінгі 6,5 гектар аумақты құрайды. Мұнда диаметрі 7 метр болатын 6 субұрқақ және жаяу жүргіншілер жолында жылан формасындағы субұрқақ орнатылған. Сонымен қатар, жобада ойын алаңдары, карусель, ересектерге арналған ойын алаңдары, спорт алаңдары, аттракциондар мен экстремалды спорт ойын алаңдары (скейт-парк) бар. Ортасына орналасқан ғашықтардың мүсіндік композициясы да жастар саябағы екенін айқындап тұр. 

Айта кетейік, қала күніне орай осы күні Балықшы ықшам ауданындағы саябаққа 300 ден астам жеміс ағаштары мен талдар отырғызылып, облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясына 22 ГАЗель автокөлігі табыс етілді. Нұрсая ықшам ауданынан 240 пәтердің кілті, Береке ықшам ауданынан кезекте тұрған азаматтарға 72 пәтердің кілті табыс етілді. Нұрсая ықшам ауданынан жаңа спорт ойын алаңы ашылды.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

2 қазан 2020, 21:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.