Атырау, 17 ақпан 03:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.97
€ 583.77
₽ 6.39

​Мадридте карантин енгізілді

2 863 рет қаралды

Испания үкіметі коронавирустық жағдайдың нашарлауына байланысты Мадридте карантин жариялады. Бұл туралы The Guardian елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. 

Испанияда соңғы екі аптада тіркелген COVID-19 жағдайларының үштен бірінен көбі Мадридке тиесілі. Мадрид тұрғындары белгілі себептермен ғана, соның ішінде жұмыс бабымен қаладан кете алады. 

Сондай-ақ мейрамханалар жұмыс уақытын қысқартып, қоғамдық орындарда алтыдан көп адамның жиналуына тыйым салынған. Испанияда пандемия басталғалы бері 749 мың адам инфекцияны жұқтырып, 31 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Дереккөз: 24.kz

1 қазан 2020, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.