Атырау, 22 желтоқсан 15:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Карантин мен төтенше жағдай жаңғырығы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлері атыраулық шенеуніктерді тексереді

4 247 рет қаралды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының, сондай-ақ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің шенеуніктерін сыбайлас жемқорлыққа қатысты тексереді. Коронавирус пандемиясы кезіндегі мемлекеттік сатып алу мен әлеуметтік төлемдердің төленуіне талдау жасалады.

- Атырау облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді сатып алу кезіндегі заң бұзушылықтарды құжат түрінде растау үшін тексеру жүргізеді. Қызметкерлеріміз бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, осы бағытта ақпарат жинайды, оны құжаттайды және лауазымды тұлғалардың қызметіне талдау жасайды, - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. – Біз, сондай-ақ, 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын, әлеуметтік төлемдер мен басқа да мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде атқарылған жұмыс көлемін тексеріп жатырмыз.

Бұдан бұрын «AЖ» сәуір-мамыр айларында коронавируспен күресуге 1 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалғанын хабарлаған. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің мәліметінше, бұл қаражат дәрі-дәрмектерді, жеке қорғаныс құралдары мен медициналық құралдарды сатып алуға арналған.

- Жоғарыда көрсетілген сомадан наурыз айында Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы әрқайсысы 22 миллион 788 мың теңгеге 6 ИВЛ аппаратын сатып алды. Сонымен қатар, сатып алынған медициналық жабдықтың оңтайлы техникалық сипаттамаларын сараптамалық бағалау тұрғысында ереже бұзылған, - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Фархат ӘБІЛОВ

1 қазан 2020, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.