Словакия үкіметі сәрсенбіде республикада 1 қазаннан бастап төтенше жағдай режимін (ТЖ) енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы премьер-министр Игорь Матович журналистерге мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Коронавируспен күресті күшейту мақсатында үкімет менің ұсынысым бойынша 1 қазаннан бастап төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады, оның көктемдегіден айырмашылығы - денсаулық сақтау саласына ғана емес, сонымен бірге қоғам өмірінің кейбір басқа саласына әсер етеді", - деді Матович.
Бұған дейін төтенше жағдай режимі Словакияда осы көктемде, пандемияның алғашқы толқыны кезінде, 16 наурыз бен 16 маусым аралығында болған.
Бейсенбіден бастап тұрғындар ғимарат ішінде ғана емес, адамдар арасындағы қашықтың екі метрден аз болатын ашық жерлерде де маска тағуы керек. Бұқаралық іс-шараларға 50-ден көп адам қатыса алмайды.
Соңғы тәулікте Словакияда коронавируст жұқтырған науқастардың саны рекордтық деңгейге өсті - 567 адам, ауруханаларда 75-78 жас аралығындағы үш науқас қайтыс болды. Қазіргі уақытта әлі 5 698 адам ауырып жатыр, оның 206-сы ауруханаға жатқызылған, 34-і ауыр халде.
Жалпы, пандемия кезеңінде республикада 10 141 адамнан коронавирус табылған, 4 395 науқас аурудан жазылса, 48 адам қайтыс болған.