
29 қыркүйекте мамандар Атыраудағы орталық көпірдің бағанасын тескен. Әлеуметтік желіде бұл туралы «Бұл нені білдіреді?» деген шу шықты.
Қала әкімінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА былай деп түсіндірді: «7 қыркүйектегі хаттамалық шешімге сәйкес, зертханалық жағдайда бетонның беріктігі мен класын анықтау үшін орталық көпірден сынама (өзек) алынды. Бұл «Атырау қаласындағы Абай көшесінің бойындағы орталық көпірді қайта жарақтау» жұмыс жобасында есептеулер мен жобалық шешімдерді орындау үшін қажет».
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
В Атырау 0