Атырау, 20 сәуір 16:29
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Сүт өнімдерін сатып аларда қаптамасын тексеріңіз

3 410 просмотра

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті Атырауда сатылатын сүт өнімдерін тексеріп, техникалық регламент сақталмаған 31 фактіні анықтады: таңбалау бойынша – 6  және мәлімделген қасиеті немесе физико-химиялық көрсеткіштерінің сәйкес келмеуіне байланысты – 25. Бұл ретте кемшіліктің көбі ЕАЭО елдерінен келетін импорт өнімдерге тиесілі.

Естеріңізге сала кетейік, Кедендік одақтың «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін (КО ТР 033/2013) Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 2013 жылғы 9 қазанда қабылдады (2019 жылғы 19 желтоқсанда өзгерістер енгізілді).

Департаменттің бас маманы Жәмила ТҰРЛАННЫҢ айтуынша, анықталған кемшіліктер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне 16 ұйғарым берілген.

- Тексеру қорытындысы бойынша сатылымнан 25 кг сүт өнімдері алынып, жеткізушілерге кері қайтарылды, - дейді Ж.Тұрлан. Ол тұтынушылар үшін тауар белгісі, нетто салмағы, өнімнің құрамы, дайындалған және жарамдылық мерзімі туралы ақпарат қамтылған таңба әрбір қаптамада болуы тиіс екенін атап өтті.

Дүкен сөрелерінде стандартқа сәйкес келмейтін өнімдер кездескен жағдайда, сіз жазбаша түрде Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментіне (Атырау, Гурьевская көшесі, 7а) немесе оның аумақтық басқармаларына жүгіне аласыз.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

29 қыркүйек 2020, 00:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.