Таулы Қарабақта жаңа әскери қақтығыстың алғашқы күні аяқталды. Тараптар шығындарды есептей бастады.
Әзербайжан Армения әскери күштерінен қаза тапқандар мен жараланғандардың саны 550-ден астам адамға жеткенін мәлімдеді. Сондай-ақ, 22 танк пен бронды машиналардан, 15 "Оса" әуе қорғаныс жүйесінен, 18 дрон мен 8 артиллериялық құрылғылардан айырылғанын жария етті. Бұл туралы Sputnik Әзербайжан елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының қорғаныс армиясы 1978-2001 жылы туылған 16 әскери қызметкердің қаза тапқанын хабарлады.
Сонымен қатар, Армениядағы медициналық мекемелерде науқастарды жоспарлы қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Армения республиканың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Ақпарат көзінің дерегінше, ауруханаларда реанимациялық шаралар немесе шұғыл көмекке мұқтаж науқастарды ғана қабылдау жүзеге асырылады.
Армения қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскери күштерінің 33 танк пен жаяу әскердің соғыс машиналарын, 27 дронын, 4 тікұшағын және 200-ге жуық адамын жоғалтқанын хабарлады.