Атырау, 15 наурыз 06:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Жазалары күшейтілді

3 467 рет қаралды

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қарасты Пробация қызметі полициямен бірлесіп, «Учаске» профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Олар шартты сотталғандарға тексеру жүргізіп жатыр.

- Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріп, мінез-құлқын, тұрмыс-тіршілігін бақылап, олармен тәрбиелік мәні бар профилактикалық сұхбат жүргізіп жатыр, - дейді Атырау облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметіне басшылық жасау бөлімшесінің бастығы Нұрлан ҚАБДОЛОВ.

Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз-қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда пробация қызметінің есебінде тұрған 499 сотталғанның мекен-жайына тексеріс жүргізілген. Сондай-ақ, арнайы құқықтық база арқылы сотталғандардың пробация қызметін хабардар етпей мекен-жайын ауыстыру, әкімшілік жауапкершілікке тартылу, шетелге шығу секілді істерді жасаған-жасамағандығын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

- Аталған тексеріс барысында 39 сотталғанның сот жүктеген міндеттерден жалтарғандығы анықталып, ескерту жарияланды. Ал 8 сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сотқа ұсыным жолданды, - дейді Қабдолов.

«Учаске» республикалық профилактикалық іс-шарасы желтоқсан айына дейін жалғасады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 қыркүйек 2020, 07:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.