Атырау, 25 қараша 22:29
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өзбекстанда жаяу жүргендер 50 пайыз жеңілдік алады

2 861 просмотра

Өзбекстанда жаяу жүретін адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 50 проценттік жеңілдік беру жоспарланып отыр. Президенттің қаулысы талқыланып жатыр, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

"Бұқаралық спортты дамыту және әрбір азаматтың өміріне салауатты өмір салтын енгізу шаралары туралы" қаулыға сәйкес, 2021 жылдың 1 ақпанына дейін Өзбекстанда "Жаңа тыныс" атты платформа іске қосылады. Негізгі мақсат – күнделікті жүгіру мен жаяу жүру салтын кеңінен насихаттау.

"Бір күнде 10 мың қадамнан, айына – 300 мың, ал бір жылда 3,6 миллион қадамнан кем түспейтін жолды жаяу жүрген адамға барлық мемлекеттік қызметке 50 проценттік жеңілдік беріледі. Бұдан бөлек, спорт нысандарына абонемент алуға да тура сондай жеңілдік жасалады", - делінген құжатта.

Жоспарға сәйкес, Өзбекстанның әділет министрлігі "Жаңа тыныс" платформасын мемлекеттік қызметтер жүйесімен интеграциялап, жеңілдік беру бастамасын іске асырады.

25 қыркүйек 2020, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.