Атырау, 17 ақпан 03:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.97
€ 583.77
₽ 6.39

Зеленский Украинада коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді

2 682 рет қаралды

Украина президенті Владимир Зеленский елде коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды tengrinews.kz "Лига.Новости" басылымына сілтеме жасап.

Владимир Зеленский қазір Украинада байқалған науқастардың өсу қарқыны коронавирустың екінші толқынын көрсетеді деп санайды.

Президент індеттің алғашқы толқыны кезінде көктемде елде тәулігіне 100-ден 300-ге дейін жағдай тіркелгенін атап өтті. Ал қазір күніне 3000-нан аса жағдай тіркеледі екен.

Сондықтан Зеленский шетелдіктерге кіруге тыйым салу туралы шешім дұрыс деп санайтынын жеткізді.

25 қыркүйек 2020, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.