Атырау, 19 сәуір 07:17
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Владимир Путин Нобель сыйлығына ұсынылды

2 999 просмотра

Ресей президенті Владимир Путин Нобель сыйлығына ұсынылды, - деп хабарлайды Тengrinews РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Ресейлік жазушы Сергей Комков 2021 жылы 10 қыркүйекте Ослода Путиннің Нобель сыйлығына үміткер болуына өтініш жібергенін хабарлады", - делінген сайтта.

Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жазушының бастамасына пікір білдірді.

"Сіздер бұл сыйлыққа түрлі адамдар ұсынылатынын білесіздер. Бұл осындай ұсыныс жасағандардың бастамасы. Бұл жағдайда осы жазушы. Номинанттарды қараудың белгілі бір рәсімі бар. Шешім қабылданса - жақсы, қабылданбаса - ештеңе етпейді. Мұнда басқа нәрсе айту қиын", - деді Песков.

Нобель сыйлығы - жыл сайын көрнекті ғылыми зерттеулер, революциялық өнертабыстар немесе мәдениетке, қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін берілетін ең беделді халықаралық сыйлықтардың бірі.

24 қыркүйек 2020, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.