Атырау, 27 сәуір 10:09
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Атырау облысы жол сапасы бойынша Қазақстандағы ең нашар облыстардың бірі - Дүйсембаев

3 757 просмотра

Сенатор Атырау-Орал жолының нақты қайта жөндеуден өткеніне күмән келтірді, деп хабарлайды ҚазТАГ. 

Атырау-Орал жолының нақты қайта жаңартылуына Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев сұрақ қойды.

«Атырау-Орал тас жолында қарқынды көлік қозғалысы өсіп келеді және қазіргі таңда күніне 7 мың көлік құралын құрайды. Осы мақсаттарға 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасында 4,4 млрд.теңге қарастырылған. Сонымен қатар, 1 км жолды қайта құрудың сметалық құны 400-600 млн. теңгені құрайды, ал құрылыстың стандартты ұзақтығы - үш жыл. Көрсетілген қаражат пен мерзімге ұзындығы 487 км болатын жолды сәтті қайта жаңартуға күмән бар », - деді Дүйсембаев бейсенбіде Сенат отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Атырау облысының аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» автомобиль жолын қайта құру көзделіп отыр.

«Атырау облысы жол сапасы бойынша Қазақстан Республикасындағы ең нашар облыстардың бірі. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда тұрған республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі тек 66% құрайды, ал республика бойынша орташа көрсеткіш 88% құрайды. Өңірдегі жол-көлік оқиғаларының статистикасы бойынша 2018-19 жылдары 111 оқиға болды, онда 59 адам қайтыс болды және 209 адам жарақат алды », - деді сенатор.

Дүйсембаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінен осы жолдарды қайта құруды қай жолмен және қандай мерзімде аяқтау жоспарланып отырғанын түсіндіріп беруін сұрады.

24 қыркүйек 2020, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.