Атырау, 25 қараша 22:43
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ Лукашенконы президент ретінде мойындамады

2 578 просмотра

АҚШ Александр Лукашенконы Беларусьтің заң жүзінде сайланған президенті ретінде мойындамайды. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

"9 тамыздағы сайлау еркін әрі әділ өтпеді. Жарияланған сандар жалған болды және легитимділікті көрсетпеді. Құрама штаттар Александр Лукашенконы заң жүзінде сайланған президент деп мойындай алмайды", - деді департамент өкілі. 

Сондай-ақ Лукашенконы республика басшысы ретінде Германия, Словакия, Литва, Латвия, Эстония, Канада және Польша билігі мойындамады.

Еске салайық, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтті. ОСК дерегінше, дауыстың 80,1 пайызын Александр Лукашенко жинаған. Алайда оппозиция сайлауда Светлана Тихановская жеңді деп есептейді. Беларусьте бір айдан аса уақыт бойы наразылық акциясы өтіп жатыр.

23 қыркүйекте Беларусь бұқаралық ақпарат құралдары Александр Лукашенко инаугурацияны жасырын өткізіп жатқанын мәлімдеді.

24 қыркүйек 2020, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.