Атырау, 18 сәуір 23:13
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Трамп: Биліктен оңайлықпен кете салмаймын

2 406 просмотра

Президент Дональд Трамп алдағы президенттік сайлауда қажетті дауыс жинай алмаса, биліктен қалай кететіні жайында анық ақпарат айта алмады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Ақ үй басшысымен кездесуі кезінде тілшінің бірі кезек алып, «егер сайлауда ұтылсаңыз биліктен өз еркіңізбен кете бересіз бе» деген сұрағына президент Трамп «алда не боларын қайдан білейін, уақытында көре жатармыз» деп жауап қайтарды. Және пошта арқылы дауыс берудің кемшілігіне тоқталды. 

Дональд Трамп, АҚШ президенті

– Мен бұған дейін де поштамен дауыс беру үлкен қателік екенін айтқанмын. Одан бас тартыңыздар, сонда бәрі дұрыс болады. Ал енді жайбарақат кете салу дейсіз бе, ол оңай емес. Өз басым мемлекет тізгінін алдағы уақытта да ұстайтыныма көбірек сенемін. 

Тілші тосыннан сұрақ қойған жоқ. Сәл бұрын Дональд Трамп егер қарашаның 3-і күнгі сайлауда жеңіліп қалса, оның қорытындысын мойындамайтынын айтқан болатын. Қарсыласының сол мәлімдемесінен кейін Джо Байден онда әскерилер Трампты Ақ үйден күштеп шығарады деген еді.

24 қыркүйек 2020, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.