Атырау, 22 желтоқсан 11:01
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қашқан қылмыскер шетелден де, өзімізден де табылып жатыр

4 106 рет қаралды

Жыл басынан бері Атырау облыстық полиция  департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары нәтижесінде іздеуде жүрген 57 қылмыскерді ұстады.

Сонымен қатар, биыл  наурыз және қыркүйек айларында Республика көлемінде ТМД елдерімен бірлескен кең көлемді  «Іздестіру» жедел шарасы өткізіліп, нәтижесінде өзбекстандық әріптестер іздеу салынған 3 қылмыскерді Қазақстанға ұстап берді, сонымен қатар Ресей Федерациясы, Украина және Молдова Республикалары аумағында бір-бірден іздеудегі қылмыскерлердің жүрген жері анықталды.

- Сондай-ақ іздестіру нәтижесінде Ресей Федерациясында 4 және Өзбекстан құқық қорғау органдарымен іздеудегі 3 қылмыскердің жүрген жері Атырау облысы аумағы екені анықталды, - дейді Атырау облыстық полиция департаменті бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ. - Хабар-ошарсыз кетіп, іздеу жарияланған 29  тұлғаланың 26-ы үйлеріне қайтарылды. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 қыркүйек 2020, 23:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.