Атырау, 14 қазан 21:30
 дождьВ Атырау +20.9
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

«Шөп» араласқан қаймақ

4 206 рет қаралды

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде сәлем-саухаттарды тексеру барысында қаймақтың ішіне жасырынған өзіне тән иісі бар, жасыл түсті шөп табылды.

- Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында мекемеде ҚР ҚК 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша тергеуге қатысты қамауда отырған 18 жастағы күдіктіге арналған сәлемдеме жетпей қалды, - дейді УГ-157/1 мекемесінің күзет және режим бөлімінің бастығы Асылбек РАХМАНОВ. – Олар сол бойда Полиция департаментінің жедел-тергеу тобын шақырып, сәлемдеме әкелген азамат ұсталды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 қыркүйек 2020, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.