Атырау, 25 сәуір 13:54
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ресейде әскери ұшақ құлады

2 710 просмотра

Тверь облысында Су-30 жойғыш ұшағы құлады, - деп хабарлайды Тengrinews РИА Новости порталына сілтеме жасап.

"22 қыркүйекте Тверь облысында жоспарланған оқу-жаттығу ұшуы кезінде Батыс әскери округының Су-30 ұшағы апатқа ұшырады", - делінген Батыс әскери округінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Экипаж мүшелері зардап шекпеген, ұшқыштар жерге қонғаннан кейін байланысқа шыққан. Қазір экипаж аэродромға жеткізілді.

"Ұшақ орманды жерге құлады. Жерде ешқандай қирау жоқ. Апаттың себептері мен жағдайларын анықтау үшін апат орнына Батыс әскери округінен комиссия жіберілді", - деді баспасөз қызметіндегілер.
22 қыркүйек 2020, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.