Атырау, 28 наурыз 18:16
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қанша бала коронавируспен ауырған

3 247 просмотра

Балалар коронавирус инфекциясын жеңіл түрде өткереді, әдетте, оларда асқынулар болмайды, - дейді облыстық балалар ауруханасы мен жұқпалы аурулар стационарының мамандары.

- Наурыздың аяғынан бастап бізге КВИ жұқтырған 30 бала түсті, олардың барлығы ойдағыдай, асқынусыз емделіп шықты, - дейді жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Әсия СИДЕШЕВА.

- Пандемия басталғалы ауруханамызда КВИ жұқтырған 97 науқас (61 бала мен олардың қасындағы 36 ересек) анықталды. Өйткені 3 жасқа дейінгі балалар ауруханада ата-анасымен немесе әжесімен бірге жата алады. 23 балада КВИ белгілері болды, ал 38 жағдайда бұл диагноз анализ нәтижесі бойынша қойылды. 13 баланы жұқпалы аурулар ауруханасына емдеуге жібердік, қалғаны бізде емделді. Оларда пневмония болған жоқ, тіпті, дене қызуы сәл ғана көтерілді, - дейді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Айгүл СҮНДЕТОВА.

Эпидемиологиялық маусым басталғанда КВИ жұқтыру қаупі де жоғарылайды. Осыған байланысты дәрігерлер жұқпалы аурулардың алдын-алу ережелерін еске салды: көп адам жиналатын жерге бармау, үнемі қорғаныш маскасын тағып жүру, үнемі қолды жуу керек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 қыркүйек 2020, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.