Атырау, 18 желтоқсан 17:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Орташа жалақы - 371 мың теңге қайдан шықты?

5 200 просмотра

21 қыркүйекте Атырау облысы мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Рафик ӘБУОВ баяндама жасап, қаңтардан тамызға дейін облыста өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 376,4 млрд теңге, тау-кен өнеркәсібінде - 2 973,5 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібінде - 342,2 млрд теңге болғанын хабарлады.

Қаңтар-маусым аралығында облыс бойынша орташа жалақы 371 779 теңге болған. Бұл көрсеткіш Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат ӨТЕШЕВТІҢ сұрағын туғызды:

- Карантин кезінде көпшілігі 42500 теңгеден алды ғой, бұл көрсеткіш қайдан шыққан?

Экономистер сала бойынша орташа жалақының әр түрлі екенін түсіндірді. Мұнайшылар орта есеппен миллион теңгедей алса, ауыл шаруашылығы қызметкерлері 80 мың теңгеден алады. Орташа көрсеткіштің жоғары болуы осыдан. Олар Өтешевке мәжілістен кейін егжей-тегжейлі бөлек жауап беруге уәде берді.

Облыс бюджеті жыл басынан бері 393,9 млрд теңге болды. 368,4 млрд салық, 10,3 млрд теңге салықтық емес түсімдер түскен.

426,7 млн теңгеге бағаланған Қызылқоға ауданының Жантерек ауылына кіретін және ауылішілік көлік жолдарын күрделі жөндеу жобасын жүзеге асыру кейінге қалдырылды.

137,3 млн теңге Мақат кентіндегі 3 қабатты 60 пәтерлі үй құрылысына, 209,6 млн теңге Қызылқоға ауданындағы Кереген жерасты су кенін 3 ұңғымамен бұрғылауға, 79,2 млн теңге - Мақаттағы орталық емхананы күрделі жөндеуге жұмсалады.

Тағы 2 жоба - Исатай ауданының Аққыстау ауылындағы су құбыры желісін қайта жөндеу және Индербор кентіндегі көппәтерлі 13 үйдегі 7 жылу қазандығын ағымдық жөндеу жобалары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісілуде.

Нысандарды қысқа дайындау үшін жергілікті бюджеттен 67,5 млн теңге бөлінеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 қыркүйек 2020, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.