Атырау, 25 қараша 23:00
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Испанияда індетке қарсы күреске әскерилер тартылды

2 288 просмотра

Испания билігі індетке қарсы күресте әскерилерді жұмылдырмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы премьер-министр Педро Санчес хабарлады. Бүгінде Испания астанасында коронавирус диагнозы қойылған науқастардың қатары асып барады. Ауруханада жатқандардың саны да өсуде. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты билік Мадридтің 37 ауданында шектеу шараларын қатаңдатты. Тәртіптің сақталуын әскерилер өз бақылауына алатын болды. Өңірдегі зарарсыздандыру жұмыстарына да қарулы күштер тартылып отыр. 

Айта кетейік, жалпы пандемия басталғалы елде індеттің ілмегіне ілінгендердің қатары 850 мыңға жуықтады. 

Педро Санчес, Испания премьер-министрі:

– Карантин талаптары күшейтілген аудандарда тұрғындардың ережені сақтауын қадағалау әрі зарарсыздандыру үшін әскерилердің көмегі қажет. Бұл полиция өкілдерінің жұмысын жеңілдету үшін жасалып отыр.

22 қыркүйек 2020, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.