Атырау, 24 сәуір 22:42
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Шыдай тұрыңыздар, судағы жағымсыз иіс кетеді»

2 973 просмотра

Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округінде ауыз суды тұтыну мүмкін болмай отырғанына жергілікті тұрғындар шағымданды.

- Суды тұтыну мүмкін емес, дустының дәмі бар, көгеріп кеткен. Қазір суды дүкеннен сатып алуға мәжбүрміз. Бірақ оны үнемі сатып алу да көп отбасыға салмақ түсіруде, - дейді жергілікті тұрғындар.

Бұл жөнінде аудандық әкімшіліктің баспасөз қызметі мынадай хабарлама жолдады: «Құрманғазы округ тұрғындары тарапынан ауыз суда иіс бар екендігі жөнінде шағым түскеннен кейін арнайы комиссия құрылды. Қиғаш өзенінің суынан жағымсыз иіс шығуына байланысты «Магистральды су желісі» ЖШС-нің «Қиғаш бас сусорғы станциясы» лабораториясымен төмендегі мән-жайлар анықталды. Балдырлардың өсуі бұл табиғи биологиялық процесс, көбіне тамыз айында болады. Жазда ауа райының ыстық болуы, жауын-шашынның болмауы балдыр иісінің таралуына ықпал етті. Бұл судың тұтынушылық қасиетін төмендетеді, бірақ мүлдем қауіпсіз екендігі анықталды. Ал жағымсыз иіс күн өткен сайын жойылатыны туралы қорытындыда көрсетілген. Ресей мен Қазақстан арасындағы өңіраралық комиссия отырысында судан дустінің иісі шығатыны жөнінде Астрахан облыстық табиғат қорғау саласының мамандарына Құрманғазы аудандық әкімдігі тарапынан мәселе қойылды. «Роспотребнадзор» мекемесі тарапынан су сынамасы алынғанын, бірақ адам өміріне бұл иістің зияны жоқтығы туралы жауап алынды. Қазір Волгоград су қоймасынан қыркүйек айының 15-нен 10-шы қазанға дейін секундына 6 текше метр су жіберілуде. Ағыстың артуынан қазір судан жағымсыз иіс шықпайтын болды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

23 қыркүйек 2020, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.