Атырау, 6 қазан 12:16
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Зиратта қалдырғаны үшін» жазаланды

2 731 просмотра

Қалалық сот қарт адамды қағып, оны зират басына апарып тастаған жүргізушіге қатысты үкім шығарды.

Естеріңізде болса, бұл елді шулатқан ЖКО өткен жылдың 23 қарашасында «Ардагер» сауда-ойын-сауық орталығына қарсы жолда болған еді. «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісі, әлдебір  Вячеслав ГОРШКОВ жолдан өтіп бара жатқан егде адамды қағып, кейін оны өз көлігімен Жұмыскер поселкесі ауданындағы Мұқаш бейітіне апарып, тастап кеткен. Кейін өлген адамның мүрдесі мен машина сол жерден табылды. Полицияға жүргізушінің өзі келді. Оның өткен жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізушілік құқығынан айырылғандығы анықталды.

Нәтижесінде, бізге қала прокурорының көмекшісі Магомед ЕСЕНБОЛАТОВТЫҢ хабарлағанындай, сот Горшковты 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Бүгінгі күні прокуратура үкімнің заңдылығын тексеруде. 

Лев ГУЗИКОВ

2 наурыз 2011, 19:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.