Атырау, 27 сәуір 08:26
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Грузин дәрігерлері коронавируспен күресуге көмектеседі

Сурет
2 939 просмотра

Атырауға Грузиядан 5 анестезиолог-реаниматолог келді. Келісімшартқа сәйкес, олар мұнда жарты жыл жұмыс істеуі керек. Әр маманның 7 жылдан 10 жылға дейін жұмыс тәжірибесі бар. ТШО компаниясының шақыртуымен келген дәрігерлердің біздің өңіріміздегі жұмысы үшін де еңбекақыны компания төлейді.

Қазіргі кезде дәрігерлер дипломдарды нострификациялау (теңестіру) процедурасынан өтіп, қазақстандық үлгідегі сертификаттарды алуда. Осыдан кейін олар жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс істей бастайды. Грузин дәрігерлері емдеу мен кеңес беруден басқа, жергілікті мамандарды КВИ-мен тиімді күресуге, соның ішінде екінші толқын болған жағдайда дайын болуға көмектеседі деп жоспарланып отыр.

Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ келген дәрігерлермен кездесті. Ол қазіргі уақытта облыста реаниматологтар мен пульмонологтарды қосқанда 300-ден астам медицина маманы жетіспейтіндігін айтты.

- Біз күрделі кезеңді бастан өткердік. Дəрігерлеріміздің кəсіби шеберлігінің арқасында қиын жағдайды еңсердік. Енді бізде дəрі-дəрмек қоры жасақталды, стационарларда кереуеттер саны көбейтілуде, мамандар болжап отырған пандемияның "екінші толқынына" дайындалып жатырмыз. Бізге көмек беруге келгендеріңіз үшін алғыс айтамын, - деді өңір басшысы.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған сурет

21 қыркүйек 2020, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.