Атырау, 22 желтоқсан 12:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Көлік нөмірін жасырғанмен, одан пайда жоқ

3 699 рет қаралды

Атырауда «ақылды» «Сергек» жүйесі пайда болғалы нөмірсіз көліктер қозғалысы жиі байқалады. Тек екі күннің ішінде, 16-17 қыркүйекте полиция қызметкерлері нөмір тақпаған 21 көлікті анықтады.

- Біреулері көлік нөмірін жүк салғышына салып жүрген, енді бірінің нөмірін анықтау мүмкін болмады, ал басқалары оны үйде «ұмытып» кетіпті, - деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде ереже бұзушыларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылып, 10 АЕК (27 780 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Бұдан басқа, сегіз көлік айып тұрағына қойылды.

Естеріңізге салсақ, 10 қыркүйектен бастап Атырауда жылдамдықты бұзу, тыйым салынған бағдаршам белгісінен өту, тоқтау сызығын басу және жол таңбалары сызықтарын бұзуды тіркейтін «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылды.

Фархат ӘБІЛОВ

21 қыркүйек 2020, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.