Атырау, 28 маусым 19:25
 дождьВ Атырау +26.6
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Билл Гейтс пандемияның қашан аяқталатынын болжады

3 166 рет қаралды

Microsoft негізін қалаушы, мультимиллиардер және филантроп Билл Гейтс COVID-19 пандемиясы қашан аяқталады деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап

"Жақсы болжам айтсақ, 2022 жылға қарай пандемия аяқталуы мүмкін. Бірақ бұл проблеманы әлемдік масштабта алып қарасақ, 2021 жылы біз ауру жұқтырғандар санын азайтуымыз керек", - деді Гейтс Fox News басылымына сұхбатында.

Еске салайық, Гейтс коронавируспен күрес үшін 650 миллион доллар бөлді. Бұл - дүние жүзі бойынша мұндай мақсатқа қаржы бөлген ірі қайырымдылық.

21 қыркүйек 2020, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.