Атырау, 24 сәуір 14:44
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Құлсарыда бағдаршам дау аяқталғасын қосылады

4 018 просмотра

Құлсары қаласында жылдан-жылға көлік қозғалысы көбейіп, Атыраудағыдай болмағанымен, кептеліс туғызуда. Ал бағдаршамның жүйелі жұмысы  бұл мәселені шешуге көмектесер еді.  Алайда өткен жылы қондырылған бағдаршамдар әлі күнге іске қосылмастан тұр.

Көлік кептелісі орталықтағы Махамбет даңғылы және «Беркад» базары маңында жиі болады. Ол жерде бірнеше сауда нүктесі мен автовокзал бар. Мұның бәрі бір жерге шоғырланғандықтан, көшеде көліктер мен жаяу жүргіншілерге жүру қиын.

- Айналма жолдар болғанымен көліктер бір-біріне жол бермей апаттық жағдайға жеткізетіндері бар, - дейді жергілікті тұрғындар. - Әсіресе, адамдар жұмыстан шыққан уақыттары түсте және кеште орталық көшеде кептеліс орнайды. Бұл жерде бағдаршам маңызды рөл атқарар еді. Былтыр қондырды, бірақ әлі күнге қақшиып, жұмыс жасамай тұр.

Аудандық ТКШ бөлімінде хабарлағандай, өткен жылы 7 бағдаршам, 50 бейнебақылау камерасын орнатуды «Жайық жарығы» ЖШС ұтып алған. Бағдаршамдар қондырылды, бірақ бейнабақылау камерасын орнатуда қиындық туындады.

Аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Мереке ЗИНУЛЛИН:

- Өткен жылы Ішкі Істер Министрлігі күшімен Құлсары қаласына 100 бейнебақылау орнатып тастады, оның 20-сы қоғамдық тәртіпті бақыласа, 5 «Кардон» камерасы автокөліктердің жылдамдығын өлшеп отырады, қаланың 3 кіреберісіне қойылған «Рубеж» камерасы «Атырау-Құлсары», «Атырау-Бейнеу», «Атырау-Теңіз» бағытын бақылауға арналған. Ал көшелердің 5 қиылысына 38 «ақылды» бейнебақылау құрылғылары орнатылып, іске қосылды. Осылардың 50 бейнебақылау камерасын «Жайық жарығы» ЖШС орнатады деп отырғанбыз, сметада көрсетілгендей. ІІМ ол жерлерге бейнебақылауды олардан бұрын орнатып тастады. 

- Бағдаршамдар дайын тұрса неге іске қосылмайды? 

- Серіктестік бағдаршамды өз қаражына орнатты, оған 49 млн теңге жұмсалды. Енді осы қаражатын қайтарып алу үшін ауданаралық экономикалық сотына жүгініп отыр. Сот әлі аяқталған жоқ. Осы іс аяқталып, ақшасын қайтарып алғаннан кейін бағдаршам қосылады.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

23 қыркүйек 2020, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.