Атырау, 20 сәуір 10:42
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Құлсарыда коронавирустан соңғы науқас сауығып шықты

2 555 просмотра

Жылыой ауданында инфекциялық орталықтан коронавирус індетін жұқтырған екі науқас емделіп шықты. Соңғы кезде ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, ауру жұқтырғандар тіркелмеген.

Пандемия басталғалы ауданда коронавирус дертіне 1078 адам шалдыққан болатын (Теңіз кенішін қоспағанда). Індет кең тараған кезде облыс орталығындағыдай қажетті дәрі-дәрмектің, қарапайым масканың жетіспеуі, т. б. мәселелер бұл ауданды да айналып өтпеді, жедел жәрдем шақыртулары да әдеттегіден күрт көбейді. 40 орындық инфекциялық аурухана, 60 орындық провизорлық орталық тұрақты түрде жұмыс жасады.

- Бірінші толқыннан өттік, бірақ бейғам қалуға болмайды, - дейді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Нұрбек ҮКІБАЕВ. – Бүгінде емдеу мекемелері қорғаныш киімдерімен қамтылып, дәрі-дәрмектің екі айлық қоры қалыптасып отыр. Көпшілікке айтарым, санитариялық талаптарды сақтай отырып, бетпердемен жүріп, көпшілік жерге бармағандары жөн. «Сақтансаң сақтармын» дегенді ұмытпау керек.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 қыркүйек 2020, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.