Атырау, 24 сәуір 06:28
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Шекарашылар браконьерлерді 245 келі бекіремен ұстады

3 054 просмотра

18 қыркүйекте Исатай ауданында Каспий теңізінің жағалауына жақын тұста шекарашылар 245 келі бекіре тұқымдас балықпен екі браконьерді ұстады. Келтірілген залалдың мөлшері шамамен 100 миллион теңгеден асады.

- «Байда» және «Бударка» жүзбелі құралдарын тексеру кезінде шекара жасағы жалпы салмағы 245 кг болатын 64 дана тыйым салынған бекіре тұқымдас балықты тапты, - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. - Сондай-ақ, браконьерлік аулау құралдары мен GPS-навигаторлар табылды, олардың көмегімен қылмыскерлер құрған торларының қай жерде екенін біліп отырған.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәркіленген балық аумақтық ішкі істер органдарына берілді.

Фархад ӘБІЛОВ

ҰҚК ұсынған сурет

20 қыркүйек 2020, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.