Атырау, 8 желтоқсан 14:44
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

АҚШ-та мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

3 171 рет қаралды

АҚШ-та президенттік сайлауға байланысты мерзімінен бұрын дауыс беру басталды деп хабарлайды Baq.kz.

Коронавирусқа қарамастан, кей шататтарда сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Миннеаполис қаласында сайлау учаскесі ашылған соң жарты сағатта 50-ге жуық адам келіп, өзінің таңдауын білдірген. 

Індетке байланысты сақтық шаралары күшейтілген. 

Биыл сайлауда пошта арқылы дауыс беру рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін, – деп отыр Миннесота штатының билігі.

Хабар24 арнасының мәліметінше, қазірдің өзінде 900 мыңнан астам азамат өтініш білдірген. Айта кетейік, АҚШ-та президенттік сайлау қарашаның 3-іне белгіленген. Додаға республикалық партия атынан президент Дональд Трамп түссе, демократиялық партиядан АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байдан сайысады.

19 қыркүйек 2020, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.