Атырау, 29 наурыз 05:52
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауда полиция 11 жезөкшені ұстап, заң бойынша хаттама толтырып, қоя берді

4 167 просмотра
Көрнекі сурет

Республика көлемінде жүріп жатқан «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде  учаскелік полиция инспекторлары Атыраудан жеңіл жүрісті 11 бойжеткенді анықтады. Олар клиенттерін Авангардта, Сәтпаев пен Махамбет көшелеріндегі жалдамалы пәтерлерде қабылдаған.

6 бойжеткен Шымкенттен табыс көзін іздеп келген, қалғаны жергілікті жердің тұрғындары. «Түнгі көбелектерді» есепке алып, ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы («Қазақстан Республикасында  тіркеусіз, жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру») және 449 бабы («Қоғамдық орындарда тиісу») бойынша  әкімшілік хаттама толтырып, жауапкершілікке тартты.

Оларға пәтерін жалға берген азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450 бабы («Жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну») бойынша  әкімшілік хаттама толтырылды.  Айта кету керек, Қазақстанда жезөкшелікпен айналысқандарға қылмыстық жауапкершілік қаралмаған. Ал, жеңгетайлық үшін ҚР ҚК-нің 309 бабы бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Жыл басынан бері Атырауда сексуалды сипатта қызмет көрсетумен айналысқаны үшін 70 бойжеткен жауапкершілікке тартылды.

ЗУЛЬФИЯ ИСКАЛИЕВА

19 қыркүйек 2020, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.