Атырау, 22 желтоқсан 09:33
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алып жүкке жол ашқан электромонтерді тоқ соққаны туралы іс сотқа жолданды

5 663 рет қаралды
Көрнекі сурет

Салмағы 1200 тонна ірі габаритті жүктің жолындағы жоғары кернеулі желіні ажырату кезінде электр монтерін тоқ соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 28 қарашасында күшті тоқ соғып, 3-4 дәрежелі электр күйігін алған электр монтері облыстық ауруханаға жатқызылды. Бұл газды бөлуге арналған сплиттер – колоннаны тасымалдау кезінде Атырау-Қарабатан тас жолындағы Бірлік ауылының маңында орын алған оқиға. Жабдық «Атыраумұнаймаш» ЖШС өндірістік базасынан Қарабатанда салынып жатқан газ-химия кешеніне тасымалданды.

Аталған факті бойынша «Атырау Жарық» АҚ-ның бірнеше қызметкеріне қатысты ҚР ҚК-нің 156-бабы («Еңбекті қорғау ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айнұр САПАРОВА

19 қыркүйек 2020, 08:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.