Атырау, 29 наурыз 06:19
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Атырау сотында әйелдер колониясы бастығының ісі қаралып жатыр

4 615 просмотра

№2 қалалық сотта УГ-157/11 (әйелдер колониясы) түзеу мекемесінің бұрынғы бастығы Нұрзада САҒЫНҒАЛИЕВА мен сол мекеменің бас есепшісі Мәдина БИМЕНОВАҒА қатысты сот процесі жүріп жатыр. Сағынғалиева ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы («Пайда алу мақсатында билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») бойынша, ал Бименова - осы қылмысқа көмектескені үшін айыпталуда.

Естеріңізге сала кетейік, екі әйелді де осы жылдың ақпан айында ҰҚКД қызметкерлері ұстаған еді. Алдымен сотқа дейінгі тергеу 366-бап («Пара алу») бойынша жүргізілді, бірақ кейін 362-ге қайта сараланды.

Қазір сотта колония қызметкерлерін куәгер ретінде тергеу жүріп жатыр. Сот ісіне судья Гүлжихан МУТИЕВА төрағалық етуде. Сағынғалиеваның адвокаттары Орынгүл ҰЗАҚҚАЛИЕВА мен Тамара ЖҰБАНЫШЕВА, ал Төлепқали АЯНОВ пен Игорь ВРАНЧЕВ Бименованың қорғаушысы. Бұл ретте Бименова Сағынғалиеваға қарағанда өз кінәсін мойындап отыр.

Айыптау нұсқасы бойынша, сотталушылар өткен жылы үш рет өз қарауындағыларға сыйақы және көтермелеу төлемдерін тағайындап, кейін осы ақшаның бір бөлігін өзіне алып отырған – осылайша олардан екеуіне 3 млн теңге жиналған. Сыйақы қаржыгер күніне, Тәуелсіздік күніне және жыл қорытындысы бойынша тағайындалған.

Айнұр САПАРОВА

18 қыркүйек 2020, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.