Атырау, 24 сәуір 05:55
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Атырауда 25 қыркүйектен бастап жолаушылар пойызы қатынай бастайды

3 346 просмотра

Коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша 2020 жылғы 25 қыркүйектен бастап Атырау және Маңғыстау облыстарына жолаушылар пойыздары қатынай бастайды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

1) №37/38 «Маңғыстау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы Маңғыстаудан 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап, Нұр-Сұлтаннан 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;

2) №41/42 «Атырау – Алматы-1» пойызы Атыраудан 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап, Алматыдан 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;

3) №47/48 «Атырау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы Атыраудан 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, Нұр-Сұлтаннан 2020 жылдың 27 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;

4) №77/78 «Алматы-2 – Маңғыстау» пойызы 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Алматыдан және Маңғыстаудан жөнелтіледі;

5) №309/310 «Маңғыстау – Ақтөбе» пойызы Маңғыстаудан 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, Ақтөбеден 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;

6) №313/314 «Атырау – Маңғыстау» пойызы Атыраудан 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, Маңғыстаудан 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;

7) №691/692 «Ақтөбе – Атырау» пойызы 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Ақтөбеден, 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап Атыраудан жөнелтіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде ресми BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы ресімдеулерін, жолаушылардан санитариялық-карантиндік талаптарды, әлеуметтік қашықтықты (кемінде 1 метр), вокзал аумағында және пойыз ішінде бетперде режимін қатаң сақтауларын сұрайды. Сондай-ақ, сапарға шығар күні билет болмаған жағдайда, «Күту парағы» атты тегін қызметті пайдалануға болатынын еске саламыз.

18 қыркүйек 2020, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.