Атырау, 25 қараша 22:31
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Беларусь Литва және Польшамен шекарасын жабады

2 696 просмотра

Беларусь Литва және Польшамен шекарасын жабады. Украинамен шекарада қауіпсіздікті күшейтеді. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді.

"Біз әскерді көшеден әкетіп, армияның жартысын дайындық режиміне көшіріп, батыс жақтан мемлекеттік шекараны жабуға мәжбүрміз" деді 17 қыркүйекте әйелдер форумында сөйлеген Лукашенко.

Президенттің айтқандары іс жүзінде қалай жүзеге асырылатыны әзірге белгісіз деп жазады Азаттықтың Беларусь қызметі.

Лукашенко өзге мемлекеттердің сайлауды мойындауына зәру еместігін айтып, арнайы жасақты наразылық акция кезіндегі әрекеті үшін мақтаған.

  • Беларусьте 9 тамыздан бері президент сайлауының ресми қорытындысына наразылық акциялары өтіп келеді. Оған қатысушылар сайлау қорытындысы алтыншы мерзімге сайланған Александр Лукашенконың пайдасына қарай бұрмаланды деп есептейді. Жүздеген азамат Александр Лукашенконың отставкасын және саяси тұтқындарды, наразылық кезінде ұсталғандарды босатуды талап етеді. Наразылық өтіп жатқан тұста кейбір оппозиция өкілдері билік қысымынан кейін елден кетуге мәжбүр болды.
  • Еуропарламент Александр Лукашенконы қазіргі өкілеті 5 қарашада аяқталған соң оны Беларусьтің заңды президенті деп танудан бас тартатынын айтты.

18 қыркүйек 2020, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.