Атырау, 20 сәуір 20:37
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Бекіре-2020»: енді күзгі кезең

2 871 просмотра

10 қыркүйекте Атырау облысы мен ҚР тағы екі өңірінде «Бекіре-2020» жедел алдын-алу іс-шарасының күзгі кезеңі басталды.

ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, балық өнімдерін заңсыз тасымалдауды анықтау, Астрахань, Ақтөбе, Орал және қала аумағындағы Дамбы ауылы бағытындағы жолдарда автокөлік құралдарын тексеру бойынша мобильдік топтар құрылды. Каспий теңізі, Жайық, Қиғаш өзендері жағалауында және облыстың айналма жолдарындағы автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау жүргізілуде.

Іс-шара басталғалы балықтың заңсыз айналымына қатысты 37  құқықбұзушылық анықталды. 195 кг балық, оның ішінде 61 кг бекіре тұқымдас балығы тәркіленді. 2  қылмыстық іс қозғалды, қалған жағдайда ҚР ҚК-нің 383-бабы (Әкімшілік түрде балық аулау қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды.

«Бекіре-2020» жедел алдын-алу іс-шарасының күзгі кезеңі 31 қазанға дейін жалғасады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА 

17 қыркүйек 2020, 22:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.