Еуроодақ миграцияға қатысты саясатын түпкілікті өзгертетін болды. Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Жаңа құжаттың жобасы келесі аптада ұсынылуға тиіс. Ең алдымен, Еуроодақ Дублин келісімінің күшін жоймақ. Оған сәйкес Еуроодаққа өткен мигранттарды, оларды жіберген ел өз аумағында орналастыруға тиіс болатын.
Сондай-ақ миграциялық ағындарды бөліп таратудың бірыңғай механизмі құрылады. Оған қоса Еуроодақ баспана алу құқығының нақты шарттарын белгілеуі тиіс.