Ухан әуежайына соңғы жеті айда алғаш рет халықаралық жолаушылар ұшағы қонды, - деп хабарлайды Тengrinews РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Сеул-Ухан TW-19 рейсі Тяньхэ халықаралық әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 10.48-де (Нұр-сұлтан уақыты бойынша 08.48-де) қонған.
Дереккөз мәліметінше, Ухаг Сеулмен тұрақты әуе қатынасын қайта жандандырды. Осы рейспен келген 60 жолаушы 14 күндік карантиннен өту үшін арнайы қонақүйлерге жіберілген екен.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Ухан халықаралық әуежайы күн сайын шамамен 500 рейске қызмет көрсететін 73 ішкі рейстерді қайта бастады.