Ішімдік ішкен жүргізушілер қанша жазаланса да қоймай тұр

547 рет қаралды
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Осы жылдың 8 айында Атырауда мас күйде көлік басқарған 432 жүргізуші ұсталды. Оның 47-сі бұрын осы ережені бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.

Осы 47 жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы («Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қалғандары 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Жазаның қаталдығы қорқыта қоймайтын сияқты: екі апта ішінде, 1-14 қыркүйек аралығында полицейлер Атырауда мас күйде көлік жүргізген 30 жүргізушіні ұстады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 қыркүйек, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.