Атырау, 25 сәуір 10:26
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Бүлдіршін ауладан шығып, адасып кетті

2 900 просмотра

Өткен аптада Атырау балалардың жоғалуы бойынша «рекорд» орнатты. 7-12 қыркүйек аралығында «102» пультіне осындай деректер бойынша 13 хабарлама түсті. Бағына қарай, полицейлер оларды тез тауып алды.

- Оның ішінде 3-8 жас аралығында сегіз бала, 8-14 жасқа дейінгі 5 жасөспірім болды. Бәрінде де полицейлер балаларды хабар түскеннен кейін 2-3 сағат аралығында тауып алған. Ата-анасының қарауынсыз қалған балалар, әдетте, адасып кетеді. Ойнап жүрген ауласынан шығып кетіп, содан соң кері жол таба алмай қалады, - дейді Атырау облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

Ал 13 қыркүйекте кешкі сағат 7 шамасында Уәлиханов көшесінің бойындағы тұрғын үйдің алдында ойнап жүрген 4 және 6 жастағы бүлдіршіндер ата-анасының қарауынсыз қалып, адасып қалған. Дабыл қаққан ата-ана полицияға жүгініп, кешікпей адасқан балалар үйлеріне қайтарылды.

Фархат ӘБІЛОВ

15 қыркүйек 2020, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.