Атырау, 29 наурыз 14:21
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Облыс әкімдігі бірыңғай байланыс орталығын ашты

3 014 просмотра

7 қыркүйекте «109 бірыңғай байланыс орталығы» іске қосылды, оған облыс тұрғындары мен қонақтарынан тіршілікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өтініштер қабылданады. Ал https://t.me/akimatatyrau чаты жақында жұмысын тоқтатады.

Естеріңізге салсақ, Атырау облысы әкімдігінің Telegram чат каналы 2017 жылдың қыркүйегінде ашылып, бастапқыда қоқыс жинау, ашық жатқан құдықтар, ТКШ желісіндегі апат және т.б. секілді шұғыл шешімді қажет ететін мәселелерге арналған болатын. Толық анықтауды қажет ететін күрделі мәселелер үшін 2018 жылдың қаңтарында іске қосылған «Атырау Цифрлық Қабылдау» мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Бірақ тұрғындарға чат-каналдың жанды байланыс форматы көбірек ұнайды, сондықтан қоңыраулардың негізгі легі Телеграмға түсетін. Оның үстіне ол чатта сол кездегі облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ та болды. Облысқа қарап, бүкіл аудандық әкімдіктер осындай чат ашты.

Чат-каналдың белсенді жұмысын түскен хабарламаға қатысты түрлі қызметтердің қалай әрекет еткендігіне қарап бағалауға болады. Мәселен, Дружба көшесіндегі №8 үйдің тұрғындары пәтерін қоқыс орнына айналдырған көршісіне шағымданды. Олар жолдаған бейнежазбадан терезе алдында егеуқұйрықтардың жүгіріп жүргенін көруге болады. Келесі күні ол жерге қалалық әкімдік пен арнаулы автобаза қызметкерлері барды. Екі күн ішінде бұл пәтерден 30 тонна қоқыс шығарылды.

Чатта облыс тұрғындары судың, жарықтың жоқтығына, балаларды балабақша мен мектепке орналастыру проблемалары және т.б. шағымданды. Журналистер де өз сұрақтарын қойып, белгілі бір мәселенің қалай дамитынын қадағалап отыру үшін үнемі чатқа кіретін. Өңірдің экс-басшысы Нұрлан Ноғаевтың қызметінен кетер кезде Телеграм-каналы арқылы облыс тұрғындарымен қоштасқаны осы жобаға оның байыпты көзқараста болғанын дәлелдейді.

- Қазіргі уақытта чат каналында 22 мыңға жуық қолданушы тіркелген. Күн сайын облыс тұрғындарынан көптеген шағым келіп түседі, оларға жауапты қызметтер жауап береді. Бірақ пайдаланушылардың көптігі соншалық, тұрғындар хабарламалардың арасынан өз сұрақтарын таба алмай қалып, оларға берілген жауапты көрмейді. Осыған байланысты қызметті «дербестендіру» ұйғарылды. Енді бүкіл шағымды «109 бірыңғай байланыс орталығы» қабылдайды. Орталық жұмысы да сондай жедел болады, бірақ пайдаланушылар жүздеген және мыңдаған пікірлердің ішінен өз сұрақтары мен жауабын іздеп жатпайды, - дейді облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Ержан ТӨЛЕК. Мен одан Атырау облысының қазіргі әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ чатқа көзқарасы туралы сұрадым.

- Ол күн сайын чатты қарап, проблемалы мәселелермен танысып, тиісті қызметтерге тапсырма береді, - деп сендірді Төлек.

Атырау облысының әкімдігі шағымдар төменде көрсетілген байланыс құралдары арқылы қабылданатынын хабарлады:

1. (109) қысқа нөміріне қоңырау шалу

2. (@ atyrau_109_user_bot) Telegram чат боты

3. (109@scatyrau.kz) электрондық пошта арқылы

4. (Комек-109) мобильді қосымшасы арқылы

5. http://atyrau.gov.kz/ - әкімдік сайты (шағымдарды қабылдау виджеті)

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 қыркүйек 2020, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.