Атырау, 25 қараша 22:48
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Дүние жүзінде карантин қайта енгізілуі мүмкін - ДДҰ басшысы

2 861 просмотра

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус әлемде коронавирус пандемиясына байланысты карантин талабы қайта енгізілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз адамдардан айырылдық, экономика тығырыққа тірелді. Әлемдік экономика рецессия жағдайында. Еуропа аумағы да осындай жағдайда. Көптеген мемлекет пандемиядан қатты зардап шегіп жатыр.
Күнделікті ауру жұқтырғандар санының көрсеткіші наурыздағы кезеңмен салыстырғанда жоғары болып тұр. Өлім-жітім көрсеткіші төмен деңгейде. Алайда әр адамның өмірі - трагедия. Егер біз аурудың одан әрі таралмауына шектеу қоймасақ, өлім дерегі тіркеле береді. Карантинді қайта енгізудің қаупі сақталып отыр. Ол әлемдік экономика үшін өте ауыр болды", - деді Тедрос Аданом Гебреисус ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросында өткен жиында.

Айта кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандан саны 29 милионға жетті. 19,6 миллион науқас дертінен айықты, 924 мың адам қайтыс болды.

Қазақстанда 106 855 адам COVID-19 жұқтырды. 100 627 науқас жазылды, 1 671 адам аурудан көз жұмды.

14 қыркүйек 2020, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.